Жол апатынан қайтыс болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

16.10.2020 16:17

Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

inform.kz

Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталмыш санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

«Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.