Қарағандыдағы улану оқиғасы: балалардың жағдайы қалай

07.08.2023 16:20

Қазір барлығы тоғыз бала ем қабылдап жатыр

dzeninfra.ru

Қазір барлығы тоғыз бала ем қабылдап жатыр. Олардың екеуі балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде, қалған жетеуі облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгін үш баланы ауруханадан шығару жоспарланып отыр. Бұған дейін өткен аптада екі бала үйлеріне жіберілген еді.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан екі бала өздерін нашар сезініп, ауруханаға жатқызылды, ал келесі күні бірден 10 бала ауруханаға түсті. Бір бала қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Жазғы лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды