ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 30 мамыр сағат 05.27- де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 76 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты.
Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы – 4,0. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.
Айта кетейік, кеше Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 204 шақырым жерде, Қазақстан аумағында жер сілкінген болатын. Энергетикалық санаты – 8,8. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 25 шақырым.