Қыз аураханада бір апта жатты, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады
Ақмола облысы Шортанды ауылында 16 қарашада газ баллонының жарылысынан зардап шеккен тоғыз жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Осылайша төтенше жағдай салдарынан қаза болғандар саны бес адамға жетті.
Қайтыс болған қыздың терісінің 60%-ы қалған.
Жарылыс 16 қараша кешке Шортанды ауылында болған. Газ баллоны үш пәтерлі үйде жарылды, бір пәтер қирады. Оның ішінде екі отбасы болған – үй иесі мен қонақтар. Олар балаларымен бірге келген. Екі әйел мен бір бала қайтыс болды, тағы он адам ауруханаға жатқызылды, бір қыз бірден ауруханадан шығарылды.
2009 жылы туған ер бала мен 2012 жылы туған қыз өте ауыр жағдайда жатты. 21 қарашада дәрігерлер ер баланың қайтыс болғанын хабарлады. 23 қарашада қыз бала көз жұмды. Қазір ауруханаларда жеті адам бар.