Жамбыл облысының Меркі тауларындағы 350 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«7 тамызда сағат 7: 00-де Жамбыл облысының Меркі тауларында 350 га алаңда қураған шөп өрті сөндірілді. Өртті сөндіру барысында жалпы әуеден 40,5 тонна су төгілді. Өртті сөндіру жердің рельефі күрделі, тығыз өскен қураған шөп пен өрт ошағына жету күрделі, су көздері қашық және жел екпіні құбылмалы болуына байланысты қиындай түсті», - деп жазды ТЖМ-нан.
Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Жазғы лагерьге бара жатқан бала пойызда қайтыс болды