Өскеменде басы жарылған ер адамның денесі табылды

29.10.2021 16:32

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталған

gov.kz

Өскемен қаласында басы жарылған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мәйіт кеше қаладағы шаштараздың бірінің маңынан табылған. «102» жедел арнасына хабарласқан қала тұрғын басы жарылған ер адамның денесі жатқанын жеткізді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу келіп жетті. Көп ұзамай марқұмның кім екендігі белгілі болды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

52 жастағы азаматтың қатты соққыдан көз жұмғаны анықталған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.