Қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды
Павлодар облысында бір жасар бала су құйылған ыдысқа құлап, батып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысында демалыс күндері екі қайғылы оқиға тіркелді. 1 тамыз күні сағат 18:00-де Ақсу ауылдық округіндегі Пограничник ауылында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жасар бала су құйылған он литрлік ыдысқа құлап, батып кеткен. Қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар полиция 1 тамыз күні сағат 01:40-та Усолка өзенінде суға шомылу кезінде батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылғанын хабарлады. Қайғылы оқиғаның куәгерлері бар.