Жыл сайын қасиетті жерге 70 мың турист келеді екен
Бұл туралы Отырар басылымы жариялады. 5 наурыз күні таңғы сағат 9-дар шамасында Бердібек ауылының полиция бөліміне жергілікті тұрғын қоңырау шалып, «Ақмешіттің» өртенгені туралы айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сондай-ақ үңгірден қазандар мен самаурындар жоғалып кетіпті. Қазір полицейлер аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген залал көлемі шамамен 300 мың теңгені құрайды.
Еске сала кетсек, жұмбақ үңгір Түркістан облысында орналасқан. Ол Орталық Азиядағы ең үлкен үңгір болып есептеледі. Жыл сайын қасиетті жерге 70 мың турист келеді екен.