Қарағанды облысында ұшақ құлап, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Комитет хабарлағандай, сағат 16.25-те жаттығу орындау және жерге қонуға бет алу кезінде жеңіл авиациялық FK14 Полярис ұшағы «Балапан» аэродромында апатқа ұшырады.
Оқиға салдарынан екі экипаж мерт болды.
Қазіргі таңда тергеу жүргізу амалдары басталды.