Ормандар мен далалардың жану ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында авиациялық патрульдеу жүзеге асырылады
Еліміздің өрт сөндірушілері 3 800-ден астам орман және дала өртін ауыздықтады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрттің қауіпті кезеңінің басынан бастап елімізде 591 орман (2019 ж. – 539) және 104 дала (2019 ж. – 49) өрті тіркелді. Дала алқаптарында 3 142 жану (2019 ж. – 4 481) болды. Жану алаңы 244 мыңнан гектарды (2019 жылы – 145 мың га) құрады.
2020 жылғы 21-28 тамыз аралығында Қазақстан аумағында 208 орман-дала өрті тіркелді.
Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап ел аумағында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің егіс алқаптарында 15 өрт (2019 ж. – 26) орын алды, оның салдарынан шамамен 148 гектар егіс алқабы жойылды.
ІІМ ТЖК азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің туындауының негізгі себептері - халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.
Табиғи өрттердің орын алу қаупін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді. Азаматтық қорғау органдарының инспекторлары орман алқаптарында тұратын ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, шаруа қожалықтарымен және тұрғындармен 21 мыңнан астам нұсқаулық пен жиын, 563 дөңгелек үстел өткізді.
Азаматтық қорғау органдарының инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, орман-дала алқаптарында және демалыс орындарында 7 230 бірлескен рейд өткізді. Нәтижесінде рұқсатсыз өртегені, ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылаусыз құрғақ шөп, сабанды өртегені және басқа да өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін 929 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
3 188 елді мекенде құрғақ өсімдіктерден және жанғыш қоқыстан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді, 17 897 шақырым минералдандырылған жолақ жасалды.
Орман мекемелері мен жергілікті атқарушы органдармен 18 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.
Ормандар мен далалардың жану ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында авиациялық патрульдеу жүзеге асырылады.