Алматыда көлік қағып кеткен әйелдің екі аяғы ампутацияланды

05.03.2020 16:47

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Фото ©"Территория происшествий" на телеканале СТВ

Алматыда аялдамада тұрған әйелді шағын автобус қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv

Қайғылы жағдай Мақатаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Ford көлігі жоғары жылдамдықпен батысқа қарай келе жатқан. 

Нәтижесінде жолдың шетіне аударылып, аялдамада тұрған 61 жастағы әйелді қағып, жол бойындағы арыққа барып құлаған. Жапа шеккен әйел ауыр халде ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, аяғына жарақат келуіне байланысты ампутация жасалды. Сол жақ иық сүйектері сынған. Ал тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.