Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды
17 тамызда сағат 21:45 шамасында Аралағаш ауылының маңындағы Астана-Петропавл автожолының 431-шақырымында Toyota Hiace көлігі мен жартылай тіркемесі бар MAN жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Жол апаты салдарынан екі көлік те жанып кетті. Астана қаласының тұрғындары, Toyota автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі мен 54 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. MAN жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Полиция департаменті.
ЖКО фактісі ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.