Оқиға дене шынықтыру пәні кезінде орын алған
Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған оқушы аман қалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп жазады Inaktau.kz.
Оқиға дене шынықтыру пәні кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, мектеп ауласында ойнап жүрген баланың үстіне футбол қақпасы құлаған. Сүйегі сынған оқушы дереу ауруханаға жеткізілген. Мұғалім сабақ кезінде балалардың қасында болмаған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.