Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілде күні тіркелген
Каспий теңізінде магнитудасы 4,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы сейсмологиялық қызмет республикалық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері 45 шақырым тереңдікте 19 шілде күні тіркелген. Жер сілкінісі Ақтау қаласынан шамамен 329 шақырым жерде болған. Эпицентрдің координаттары - 40°42'36 солтүстік ендікте, 51°38'24 шығыс бойлықта.