Ол танысының «Toyota Chaser» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап кеткен
Шемонаиха ауданында мас күйінде көлік тізгіндеген әйел екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.
Оқиға 16 маусым күні Олимп қалалық стадионының маңында болған. Ішімдік ішіп алған 33 жастағы қала тұрғыны өзінің танысының «Toyota Chaser» маркалы көлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Ақыр соңында 14 және 25 жастағы екі қызды қағып кеткен.
Зардап шеккендер көптеген дене жарақаттарын алған.
Тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабы 1-бөлімі, «Көлік құралдарын мақсатсыз ұрлау немаесе заңсыз иелену (айдап әкету)», бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.