Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді
Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау жұмыстары барысында бес адам жараланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметші жараланған. Оқиға 27 қазанда болған.
Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Қазіргі таңда оқыс оқиғаға байналысты тексеру басталды.