"Зорлап тастады": қызтеке өзінің бір өлімнен қалғанын айтты

"Зорлап тастады": қызтеке өзінің бір өлімнен қалғанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласының 21 жастағы тұрғыны осы жазда басынан өткерген жантүршігерлік оқиғасымен бөлісті. Оны сабап, азаптаған, үтікпен, темекімен денесін күйдірген, ақырында зорлаған, сөйтіп мұның бәрін видеоға түсіріп, оны интернетке саламын деп бопсалаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аян елордадағы бір мектепте мұғалім болып істейді. 2019 жылдың 27 шілдесінде әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысқан. Әрине, фейк аккаунт арқылы хат жазысып, ақырында бір-бірінің телефон нөмірін алып, кездеспек болады. Кездесуден соң ол жігіт Аянға "көлікке отырып, қырыдып келейік" деп ұсыныс тастайды. Ал көлікте ол оған жабысып, көңіл білдіреді. Ол бас тарса да оны "Махаббат" тұрғын үй кешеніндегі бір пәтерге мәжбүрлеп апарады. Сол арада жантүршігерлік оқиға бастау алады. Пәтерге тағы бір ер адам келіп, екеуі жабылып Аянды сабайды.

"Құлағымнан ұрды, мен басыммен шкафқа соғылып, жерге отырып қалдым. Ол мені тұрғызып алып, қабырғаға сүйеп қойып, бетімнен ұрды. Мұрнымнан қан кетті. Сол кезде екіншісі кірісті. Ол да құлағымнан екі мәрте оңдырмай салып жіберді. Құлағымның бәрі сынып, мұрным бет болды.Тағы да сұлап түстім. Сол кезде ер адам аяғымды басып, үстіне секіріп, сындырды. Одан соң қайта тұрғызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұра бастады. Қазір менің басым бүтіндей тігілген. Бір көзім ісіп кеткен, өйткені көзден де тепті", - дейді Аян.

Сөйтсе екі еркек Аяннан гей жігіттердің нөмірін, олар қай клубты жағалайтынын сұрап, жауапқа алған. "Иығымды үтікпен де күйдірді, оған көнбеген соң үтікпен басымнан бір қойды. Мен тағы талып қалдым", - дейді ол.

Сол кезде екі жігіт Аянның телефоны арқылы оның әкесіне хабарлама жіберген. Басында 1 миллион, одан соң 3 миллион теңге сұраған.

"Мені алып келген жігіт соңында мені зорлады. Әйелдер зорландым дегенде түсінбеуші едім. Сөйтсем бұл барып тұрған азаптың азабы екен, өзіңді адам сезінбей қалады екенсің. Бұдан кейін менің жыныстық өміріме де нүкте қойылған секілді. Ол туралы ойлағым да келмейді. Бәрінен бұрын осы масқара жағдайдың бәрі видеоға түсіріп алды. Олар оны Интернетке саламын деп қорқытты. 3 миллион теңге талап етті. Ондай ақша жоқ дегенде, олар менің денемді темекінің шоғымен күйдіре бастады. Тіпті, біреуге телефон шалып: "Таңертең кел, бір адамды қазып, көму керек, қандай оңтайлы жер бар" деп сұрап жатты. Мен душқа барғым келетінін айттым. "Ақсаңдамай барсаң жібереміз", - деді олар. Аяғымды сындырып тастаған ғой, қалай ақсаңдамайсың. Сол үшін тағы тепкіледі.

Әбден шаршаған қос еркек соңында қалың ұйқыға кетеді. Ал Аян қол-аяғы байлаулы жалаңаш күйінде еденде жатқан. Ақырындап құрсаудан босаған ол пәтерден шыға сала көршісінің есігін қағып, көмек сұраған. Полиция мен жедел жәрдем көлігі дер кезінде жетіп, қаскөйлерді ұстаған.

Оның айтуынша, өзін азаптаған екеудің тергеуі 28 қыркүйекте аяқталады.

Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, бас-сүйектің жарылуы, бас-бет жарақаттары, І-ІІ деңгейдегі термикалық күйік, аяқтың сынуы сынды диагноздар қойған.

Қазір ол ата-анасымен бірге тұрады. Бірақ олар ұлының төсек қатынасы таңдауын білгенде қуана қоймаған, бірақ оны үнсіз қабыл алған. Аян қазір жұмыс істей алмайды.

Новости партнеров