Батыс Қазақстан облысында болған ұшақ апатына ауа райы әсер етуі мүмкін. Еліміздің төтенше жағдайлар вице-министрі осындай болжам айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мереке Пішембаевтың сөзінше оқыс оқиға Ресей шекарасына жақын жерде болған. Сол күні көкке көтерілген ұшақ жаңа техника болғанын да айтты. Қазіргі таңда 4 адамның өмірін жалмаған, осы апатқа байланысты арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр.
«Бұл – жаңа ұшаққа 1 жылда болмаған. Жөндеу жағдайы да жақсы, сондықтан бүгінге дейін әлі тексеру жүріп жатыр. Тексеруге арнайы жұмысшылар құрылды. Болған оқиғаға ауа райы әсер етуі мүмкін», – деді М. Пішембаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 23 ақпанда БҚО-да апатты жағдайда қонған тікұшақтағы 4 адамның мерт болғанын жазған едік.
Сонымен қатар бұл тікұшақ 2021 жылы жасап шығарылғаны хабарланды.
Оқи отырыңыз: БҚО-дағы МИ-8 тікұшағы апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды