Екібастұзда автобус жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті

26.11.2021 17:01

Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда маршруттық автобус жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.

"2021 жылғы 25 қарашада сағат 14:42-де Екібастұз қаласында №6 маршрут бойынша жүретін Volvo маркалы автобустың 40 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2013 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер өткелі бойынша өтіп бара жатқан", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция көліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.