Жаңажылдық шыршамен және жылтырақпен безендірген көлік шеруі өтті
Шымкентте көлігін "контент үшін" безендіргендер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа жылдық шыршамен және гирляндамен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқады.
Шымкентте жаңа жылдық безендіруімен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан.
Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.
Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.
- Құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді. Жігіттер бұл әрекетке әлеуметтік желіге "контент жасау үшін" барғанын айтты, - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Шетелден әкелінген автокөліктерді жыл соңына дейін заңдастыруға уақыт бар