Шетелдік азамат Шымкент әуежайынан қайтар жолды адасып кеткен
Түркістан облысы полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен Түркия азаматын тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жоғалған азаматты табу мақсатында Бәйдібек АПБ-нің жеке құрам жедел іске кірісті. Полиция қызметкерлерімен арнайы іздестіру іс-шараларын дер кезінде ұйымдастыру нәтижесінде, Түркия мемлекетінің азаматы, 1983 жылы Т.Ибрахим табылып, туыстарына табысталды», - делінген хабарламада.
Тергеу басырыснда, шетелдік азаматының Шымкент әуежайынан қайтар жолды таба алмай адасып қалғаны анықталды.