Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді
Оралда газ ауа қоспасы жарылып, ер адам күйік жарақатын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 қараша күні сағат 05.58-де «Жаңа орда» шағынауданындағы 5 қабатты үйде болды. Төртінші қабаттағы пәтерде газ ауа қоспасы жарылып, 1994 жылғы ер адам күйік жарақатын алды. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
«Аталған тұрғын мойнынан, қолынан, кеудесінен 30-31 пайыздық үшінші дәрежелі күйік жарақатын алған. Ол анасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Оқиға болған кезде анасы үйде болмаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,- деді департамент бастығы Ернұр Өтегенов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.