«Денелері шекараға жеткізілді»: Мырзахметов Қордайда апатқа ұшырағандар туралы айтты

«Денелері шекараға жеткізілді»: Мырзахметов Қордайда апатқа ұшырағандар туралы айтты
Жол апаты салдарынан 11 адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет отырысында Қордай маңында болған жол-көлік апаты туралы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

«11 адам қаза тапты. 31 адамға медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде ауруханада тоғыз адам жатыр, оның үшеуі – жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Жансақтау бөліміндегі үш адамның бірі – Өзбекстан азаматы. Ал алты адам аурухананың әртүрлі бөлімінде жатыр, олардың екеуі – Өзбекстан азаматы, қалғандары – қазақстандықтар», - деп айтты Мырзахметов.

Облыс әкімі Қазақстан тарапы жол-көлік апатынан қаза тапқандардың денелерін шекараға дейін жеткізгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні таңғы сағат 05.00-де Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан 181 шақырым жерде Алматы-Ташкент тасжолында Toyota маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған. Тасжол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен.

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

Новости партнеров