Атырауда қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға кетті

16.07.2020 17:34

Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 жүзу құралы тартылды

naryntany.kz

Атырау облысында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқыс оқиға кеше, 15 шілдеде сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болған. 

«Қиғаш өзенінің Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесінің тұсында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кеткен. Ол өзенді қайықпен кесіп өтпек болған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 жүзу құралы тартылды», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.