Жамбыл облысында қатты жел электр желілерін зақымдап, ағаштарды құлатты
Жамбыл облысында қатты дауыл соққан кезде 17 жастағы бала үй шатырынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv өңірдің Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2004 жылғы бала үй шатырынан құлап, оқиға орнында мерт болды.
Жамбыл облысында қатты желден барлығы 53 адам зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Облыстық көпбейінді ауруханасына 4 бала түскен, оның үшеуі стационарға жатқызылды, біреуі амбулаторлы түрде ем қабылдады.
Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан бас, аяқ-қол және тағы басқа дене жарақатын алған.
Дереккөз: Sputnik.