Оқиға орнына өрт сөндіру техникасы шыққан
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында көппәтерлі тұрғын үйдегі өрт сөндіріліп, 5 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
13 шілдеде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің «101» телефон нөміріне Сарысу ауданы Жанатас қаласы 4 шағын ауданыныңдағы көпқабатты тұрғын үйдің жанында тал және тұрмыстық заттар өртенгені жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінен өрт сөндіру техникасы мен 3 адам шыққан.