Түркістан облысында жергілікті тұрғындар мал базарда аю сатпақ болған

08.02.2019 17:42
Фото РГКП «ПО «Охотзоопром»

Түркістан облысы Сайрам ауданында  жергілікті тұрғындар кәдімгі аюды мал базарда сатпақ болған. Қарабұлақ базарынан табылған аюды олар темір торға қамап ұстаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Түркістан облысы Сайрам АІІБ-на «102» сымтетік арқылы жергілікті азамат  хабарласып, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан жаңа мал базарының аумағында аю жануарының темір торы ішінде тұрғанын хабарлаған», - делінген хабарламада.          

Келіп түскен хабарлама бойынша Сайрам АІІБ- ның табиғат қорғау, Түркістан облысы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының және «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторларының бірлескен тексеруі барысында, жоғарыда аталған мал базарында аюдың тұрғаны анықталды.

Қазіргі таңда сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал жабайы аю Шымкенттегі зообаққа тапсырылған. Қазір оның күтімімен бақ қызметкерлері айналысуда.