Көлікті 47 жастағы әйел тізгіндеген
Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында, Тойота маркілі автокөлігі аударылып, ішінде болған 9 жасар бала мен көлік жүргізушісі зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көлікті 47 жастағы әйел тізгіндеген. Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына машина дөңгелегінің жұлынып кетуі себеп болыпты. Қазір кішкентай қыз да, жүргізуші әйел де ауруханада. Автокөлік иесі енді «Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, соның салдарынан адам денсаулығына зиян келтіру» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.