Атырауда мас жүргізуші көлігімен электр бағанасына соғылды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Қазір электр желісіне келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жыл басынан бері көлік руліне мас күйде отырған 30-дан жүргізуші анықталды. Сондай жүргізушінің бірі көлігімен электр бағанасына соғылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол-көлік оқиғасы 20 тамызда сағат 03:20 шамасында болған. 

«Атырау қаласының З.Қабдолов көшесінің бойында орналасқан мұнай өңдеу зауытының тұсында «Ваз-2170» автокөлігі электр бағанасына соғылды. Көлікті басқарған 1981 жылы туған жүргізушіден ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың қорытындысымен жүргізушінің орта дәрежедегі мас күйде екені белгілі болды. Қазір электр желісіне келтірілген шығын көлемі анықталуда», – дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Новости партнеров