Шамалған стансасында болған апаттан зардап шеккен 5 жасар бала есін жиды

23.09.2019 22:05

Ал, 3 жасар жеткіншек әлі жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр

Ол жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып бүгін палата ауыстырылған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Алайда дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр. Ал, 3 жасар жеткіншек әлі есін жимаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін нейрохирургиялық бөлімшеге ауысты. Бала есін біледі, тамағын ішіп жатыр. Сөйлеп жатыр, әлі де емін қабылдауда. Жағдайы ауыр, бірқалыпты. Алайда, өкінішке қарай, аппаратта жатыр, екінші бала есін жиған жоқ. Ол бала да ем қабылдап жатыр», – деді Алматы қаласы ШЖҚ «Балалар шұғыл медициналық жәрдем» МКК бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед РУЗУДДИНОВ.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек күні Шамалған бекетінде жолаушылар пойызы автобусты қағып бір адам қаза болған. 3 адам аурухана түскен еді. Оның екеуі бала, біреуі әйел.

Теги: ДТП Поезд