28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді
Еліміз Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мемлекеттік комиссия биылғы 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті: Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу; Халық көп жиналатын орындарды жабу, мәселен, саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б. қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу; Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу; Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. Шымкент қаласында сонымен қатар әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады. Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі. Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңімен азаяды. Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Нұр-Сұлтан және Алматы
Азаматтардың тұрғын үйден шығуына шектеу;
Халық көп жиналатын орындар: саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары жабылады;
Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу;
Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.
Шымкент қаласы
Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. Әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады.
Халық көп жиналатын жерлер жабылады;
Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі.