Нұр-Сұлтанда қыз сауда орталығынан шыққан өрттен аман қалу үшін ғимараттың терезесінен секіріп кетті. Оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Елордалық ТЖ департаменті «Астықжан» сауда орталығындағы өртті сөндіру кезінде 2001 жылғы қыз зардап шеккенін хабарлады.
Анықталғандай, ол «Универсал» жиһаз цехының қызметкері.
«Қазіргі таңда қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Жағдайы орташа», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бүгін, 2 қазан таңертең елордада «Астықжан» сауда орталығы өртенді. Үшінші қабатта жиһаз салоны жанған. Өрттен шыққан қою қара түтін қаланың әр жерінен көрінді.
Өртті сөндіруге елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.