Түркияда туннельде болған жарылыс салдарынан 11 адам зардап шекті

25.09.2020 17:50

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді

inform.kz

Бейсенбі күні Түркияның солтүстік-шығысында туннельде болған жарылыс салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылысқа Шығыс Анатолия мен Қара теңіздің шығыс бөлігін байланыстыратын Зрзурум-Байбурт күре жолының Коп тауындағы туннелінде газдың жиналып қалуы себеп болған. 

Жарылыс салдарынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. 

Байбурт қаласының губернаторы Кюнейт Эпджимнің айтуынша, зардап шеккендердің кейбіреулерін күйік шалған. Ол сондай-ақ олардың жағдайы аса ауыр емес екендігін жеткізді.