Қостанайда тұрғын үй өртеніп, бір әйел көз жұмды

Қостанайда тұрғын үй өртеніп, бір әйел көз жұмды
Оқиға 3 наурыз күні аудан орталығындағы Ерік Асанбаев көшесінде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында жеке тұрғын үй өртеніп, 1937 жылы туған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 наурыз күні аудан орталығындағы Ерік Асанбаев көшесінде болған.

«12 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үй секторы жанды. Өрт 09:38 сағатта толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1937 жылы туған әйелдің денесі табылды», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрттің шығуының нақты себептері анықталуда. Әйелдің денесі сот медициналық сараптамаға жіберілді.

Новости партнеров