ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды
Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Аталған оқиғаға қатысты факті тіркелген. Жүргізуші ұсталды. Оның көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Қыз жарақат алып, ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.
ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қажетті процедуралар жүргізілгеннен кейін материал сотқа жіберіледі.