Қазіргі уақытта дәлелдемелерді жинақтау және бекіту бойынша тергеу шаралары жүргізілуде
Таразда жалған арақ-шарап өндірумен айналысқан цех анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Жамбыл облысының экономикалық тергеулер басқармасы хабарлайды. Тінту кезінде 750 литр алкогольді сұйықтық, 12 мың 500 тіркеу және бақылау белгілері, спиртті бөтелкелердің 12 мыңға жуық жапсырмасы, сондай-ақ, контейнерлер, қақпақтарды жабатын кілт секілді заңсыз түрлі жабдықтар мен жалпы саны 1000-нан астам алкоголь өнімі анықталып, тәркіленген. Қазіргі уақытта дәлелдерді жинау және сақтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.