Бүгін таңертең Ақтөбе қаласында жорлаушылар автобусы мен такси көлігі соқтығысты. Салдарынан 26 адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәлім болғандай, Ғ.Жұбанова мен Ө.Сейітов көшесінің қиылысында такис қызметіне тиесілі "Volkswagen Polo" көлігі мен №37 бағыттағы "ПАЗ" автобусы соғылды. Салдарынан жолаушылар көлігі аударылып, онда болған 26 адам (19 әйел, 7 ер адам) медициналық бригадалар мен патрульдік полицейлердің көмегімен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханаларына жеткізілді.
"Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті жүргізушілерден көктайғақ кезінде жолда аса сақ болуға шақырады. Жылдамдық режімін қатаң сақтап, ара-қашықтықты ұстану қажет. Сондай-ақ жол ережелерін сақтауға, негізсіз маневрлер жасамауға және кенеттен тоқтамауға кеңес береді", - делінген ақпаратта.