Маңғыстауда жол апатынан зардап шеккен төрт бала ауыр хәлде жатыр

© AP Photo / Cecilia Fabiano
© AP Photo / Cecilia Fabiano
Көптеген дене жарақатын алған балалар Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы жол апаты кезінде зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

16 қыркүйекте түнгі екі шамасында Жетібай ауылына қарай, Қарақия ауданының тас жолында Lexus LX 470 автокөлігі аударылды. Салдарынан тоғыз адам зардап шекті, оның бесеуі оқиға орнында жан тапсырды.

2011, 2012 және 2019 жылғы үш бала жедел жәрдемді күтпей, жолшыбай көлікпен Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілген еді.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, көптеген жарақат алған балалар Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды. Бір жарым жасар бала реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр.

Қазір дәрігерлер олардың өмірі үшін күресуде.

«Дәрігерлер оларға мидың жабық жарақаты, желке сүйектің сынуы, қан құйылу диагнозы қойылғанын айтты. Жағдайларының жақсаруы байқалмайды, бәрінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ көлікпен бірінші болып ауруханаға жеткізілген 8 жастағы қыздың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. Ол әлі есін жиған жоқ. Алайда жасанды тыныс алдыру аппаратынан ажыратылды. Өз бетінше тыныс алып жатыр.

9 және 10 жастағы қыздар травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланады.


Новости партнеров