Астанада ер адам әйелінің көлігін өртеп жіберген

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада 31 жастағы ер адам бірге тұратын әйелінің көлігін өртеп жіберген деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қала тұрғыны оның Honda Logo автокөлігін бірге тұратын жігітінің өртеп жібергені туралы арызданған.

Тергеу барысында 31 жастағы жігіттің қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, жақында ол бірге тұратын ерімен ұрсысып қалған. Жанжал кезінде ер адам пәтердегі жиһаздар мен техниканы бүлдірген. Одан кейін әйелдің әл-Фараби көшесінде тұрған көлігін өртеп жіберген. Өзінің әрекетінен кейін жәбірленушіге тиесілі көлікті қасақана өртеп жібергенін жазып, хабарлама жіберген. Әйел бірден полицияға жүгінді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.

Новости партнеров