Құны 50 млн теңге болатын героинді асқазанына жасырып өтпек болғандар құрықталды

25.02.2020 17:58

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшерде героин тасымалдамақ болды деген күдікпен үш қазақстандық азамат ұсталды деп хабарлайды kaz.nur.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың ақпан айының басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан құны 50 миллион теңге болатын жалпы салмағы шамамен 1 келіні (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрайтын 302 героин капсуласы табылып, алынған.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың ақпан айының басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстаған. ҰҚК хабарлауынша, олар героинді асқазаны арқылы тасымалдаған.  

Қазір аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.