Журналист Диас Нұрақын Алматы-Қорғас тасжолында көліктердің жаппай соқтығысып жатқандығы жөнінде Ғacebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ақылы жолдан тек ақша алуды білетін ҚазАвтоЖол мұзға неге тұз сеппейсіңдер? Бетонка аталып кеткен Алматы-Қорғас тасжолында көліктер жапырылып жатыр. Көк тұманда бетонның беті пленка болып қатып қалған. Құдай сақтасын! Абайлап жүріңіздер...» – деп жазды журналист.
Айта кетейік, бүгін Алматы облысында күннің бұзылуына байланысты «Үшарал-Достық» автожолында көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.