Авариялық-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 35 адам және 13 техника жұмылдырылды
Қарағанды облысының автожолдарында құтқару операциялары жүргізілді. Осакаров, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Абай аудандары және Қарағанды мен Теміртау қалаларындағы жолдарда қар құрсауында қалып қойған 87 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
11 наурызда Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің күштерімен бірлесіп Осакаров, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Абай аудандарының, сондай-ақ Қарағанды және Теміртау қалаларының қар басқан трассаларынан адамдарды эвакуациялау бойынша жұмыстар жүргізді. Өткізілген іс-шаралармен 87 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Осакаров ауданында «Осакаровка-Нұра» автожолының 19 шақырымында 3 автомобиль тазартылған жол шығарылды, олардың салондарында 9 адам болған.
«Қызылорда- Павлодар» автожолында техникалық ақаулы автокөлікте қалған 5 адам Молодежный кентіне жеткізілді. Бұқар жырау ауданында техникалық ақауы бар жеңіл автокөліктен 5 адам, Жаңаарқа және Абай аудандарында қар құрсауында қалып қойған автомобильдерден 5 адам құтқарылды.
«Қарағанды-Теміртау» автожолында кептелісте тоқтап қалған жеңіл және қоғамдық көліктерден 54 адам Теміртау қаласына жеткізілді. Сондай-ақ, құтқару жұмыстары «Қарағанды қаласына кіреберіс» және «Сұрыптау-Пришахтинск» автожолдарының учаскелерінде де жүргізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 35 адам және 13 техника жұмылдырылды.