«Қазақфильм» киностудиясындағы өрттің шығыны белгілі болды

inform.kz
inform.kz
Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауында
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақфильм» киностудиясындағы өрттен алдын ала есептеулер бойынша 49 миллион теңгеге жуық шығын келген. Бұл туралы ҚазқТаг агенттігі хабарлады. Басылымның мәліметіне сай орын алған төтенше жағдай Алматы әкімінің басты назарында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, еліміздің Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауында.

«Киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай ең алдымен өрт орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта орналасқан», – делінген хабарламада. 

От шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығаратыны айтылған. Еске салайық, 14 тамызда «Қазақфильм» киностудиясында ірі өрт болды. Тілсіз жауды жоюға 53 өрт сөндіруші мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

Новости партнеров