Күйеуі ұрып-соққан: Өскеменде көпбалалы ана үйінен қашып кетті

26.11.2021 18:02

Соңғы кездері күйеуі үйге жиі арақ ішіп келіп, өзіне ғана емес, балаларына да қол көтере бастаған

Фото: ашық дереккөзден

Өскемен қаласының полиция басқармасына қала тұрғыны көмек сұрап жүгінген. Әйел азаматтық некедегі күйеуі үнемі ұрып-соғатындықтан үйден қашуға мәжбүр болғанын айтқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Маргаританың одан 5 баласы бар.

Айтуынша, соңғы кездері күйеуі үйге жиі арақ ішіп келіп, өзіне ғана емес, балаларына да қол көтере бастаған.

"Үйде ештеңеге көмектеспейді. Мен одан кетіп қалудан қорықтым, өйткені өзім балалар үйінен шыққанмын – көмек күтетін басқа ешкім жоқ, сонымен қатар неше жыл бойы жұмыс істемей үйде балалармен отырдым", - дейді Маргарита.

Бірақ 23 қарашада соққыға шыдамаған ол балаларды алып, түнде үйден қашып кеткен.

Қала сыртында орналасқан құрбысының шаруа қожалығына бет алған, алайда ол жерде ұзақ уақыт бола алмайтынын білген. Осылайша Маргарита Өскемен қаласының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша полиция қызметкерлерінен көмек сұрап, өз тарихын айтып берді.

Мұнда оған психологиялық көмек көрсетіліп, кәмелетке толмаған балалармен бірге уақытша тұратын орын ұсынылды.

"Әрине, бұл отбасы полиция қызметкерлерінің бақылауында болады, болашақта оларға көмек пен қолдау көрсетіледі", - деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.