Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген
Ақтауда 11 маусым күні кешкі сағат 21.00 шамасында жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды lada.kz.
Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
ПАЗ автобусы Burger King кафесіне қарама-қарсы беттегі 16 ықшамауданда өртенген.
«Қызыл жалын сағат 21:15-те ауыздықталды. Оқиға орнында екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.