Бір адам көз жұмды
Қауіпсіздік шараларын сақтамаған екі балықшы мұздың астына түсіп кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«14 қараша күні сағат 16:22-де Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасында екі ер адам мұз астына түсіп кеткен, 1974 жылы туған ер адам судан шығып үлгерген, ал 1971 жылы туған екінші адам батып кетті. Оқиға орнына келген құтқарушылар суға батып кеткен балықшының денесін судан алып шықты», – делінген хабарламада.
Балықшылар мұзға шыққан кезде құтқару кеудешелерін кимеген болып шықты.
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын елемеген төрт адам суға батып кетті.