Ақмола облысында жүк көлігін тоқтатпақ болған жұмысшы қайтыс болды

04.02.2023 18:11

«КамАЗ» жүк көлігінің қозғалтқыш жүйесінде техникалық ақау шығып, көлік тоқтамай қойған

elements.envato.com

Ақмола облысының Ақсу кентінде істен шыққан жүк көлігін тоқтатпақшы болған 63 жастағы механик көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 2 ақпанда Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне 112 операторынан Ақсу кентіндегі жергілікті кәсіпорының боксында бір адамды «КамАЗ» жүк көлігі соғып мерт қылғандығы туралы хабар түсті.

«Анықталғандай, «КамАЗ» жүк көлігі биылғы жылдың 25 қаңтарынан бастап, 2 ақпаны аралығында жөндеуде болған. Ақсу кентінің тұрғыны 55 жастағы жүргізуші жөнделген көлікті кәсіпорынның аумағында сынақтан өткізіп, боксқа қоймақшы болады. Алайда, қозғалтқыш жүйесінде техникалық ақау шығып, көлік тоқтамай қойған. Осы кезде көлікті тоқтатпақшы болған 63 жастағы механикті «КамАЗ» жүк көлігі бокс қабырғасына қысып тастайды. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.