АҚШ-тың Нью-Джерси штатында ұрылар қайтыс болған адамның мәйітінің күлін ұрлап кеткен.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WNBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазан айының соңында 76 жастағы Лиз Липоски туыстарының үйінде қонақ болып жатқан. Алайда Хеллоуин мейрамының алдында балаларға тәтті үлестіру үшін үйіне қайтып келіпті. Осы кезде ол үйдің есігінің сынғанын және қымбат заттарының ұрланғанын көрген.
Ұрылар бағалы бұйымдардан бөлек жасыл түсті қорапты да ұрлап кеткен. Ал Липокси онда қайтыс болған күйеуінің мәйітінің күлін сақтаған екен. Күйеуі 2011 жылы қатерлі дерттен қайтыс болыпты.
Әйел өзі қайтыс болғаннан кейін, өз мәйітінің күлін күйеуінікімен араластырады деп үміттенген.
Липоксидің туыстары ұрылар қораптың ішінде не жатқанын білмеді деп топшылап отыр. Әйел оқиғадан кейін ұрыларға үндеу жасап, күйеуінің мәйітінің күлін қайтаруды сұрады.
«Ол қатты абыржып жүр. Тіпті, үйіне барғысы келмейді. Жүрегімнің бір бөлшегін жұлып алғандай болды дейді», - дейді кейуананың туысы.