Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты

12.02.2019 00:35

Mercedes, Kia, Toyota және ГАЗ көліктері соқтығысқан

tengrinews.kz

Алматы облысының Құлжа тасжолында төрт көлік соқтығысып, үш адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жантүршігерлік жол апаты кеше Талғар ауданындағы Панфилов ауылының маңында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталыпты. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Жол апаты 4 көліктің қатысуымен болған. Қазір жол-көлік апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Апатқа кінәлі болуы мүмкін жүргізуші қамауға алынды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Көбейхан НҰРАХМЕТ.