Өзге зардап шегушілер жоқ
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 41 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше жол апаты таңғы 8-де Талғар - Ақбұлақ тас жолының бойында орын алған. Алдын ала жасалған болжам бойынша жеңіл көлік жүргізушісі ПАЗ маркалы автобусқа жол бермей соқтығысқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.